Жұмыс пен отбасылық міндеттердің гармониялық үйлесімі: отбасылық міндеттері бар жұмысшыларға арналған кешенді саясат
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v72.i1.18Аңдатпа
Мақалада заманауи жас ата-аналардың өмір салтындағы кәсіби және отбасылық мін-деттердің гормониялық үйлесімі мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ отбасылық міндеттері бар қызметкерлерге арналған кешенді саясат туралы талқыланады. Зерттеудің мақсаты жұмыс пен отбасылық міндеттерінің гармонизациясын үйлестіру үшін кешенді саясатты ұсыну. Ғылыми мақалада жұмыс пен отбасылық міндеттерінің гармониялық үйлесімділігін ХЕҰ стандарттары негізінде талдау жасалып, ұсынымдар жасалды. Жұмыс және отбасы арасындағы қайшылықтың негізгі себептері, мәселелері мен салдарлары анықталды. Сонымен қатар, жұмыс пен отбасын гармонизациялаудың жастар үшін маңыздылығы талқыланды. Отбасылық міндеттері бар қызметкерлер туралы ХЕҰ № 156 Конвенциясының, сондай-ақ ананы қорғау туралы № 183 Конвенцияның ережелерін орындау қоғамдағы әл-ауқатты арттыру және теңсіздік деңгейін төмендетудің маңызды құралдарының бірі болып табылатыны, бұл үкіметтік органдар, бизнес-құрылымдар, кәсіподақтар және қызметкерлердің, соның ішінде жастар тарапынан бірлескен үйлестірілген іс-қимылды талап етілетіні айқындалды. «Жұмыс – отбасы» қақтығысының әлеу-меттік-экономикалық салдарын жою және қызметтік және отбасылық міндеттердің гармо-низациясын үйлестіру үшін жаңа шешімдер ретінде ұсыныстар жасалды. Зерттеу материалдары мен тұжырымдарын академиялық қызметте, мемлекеттік билік пен басқару органдары, қоғамдық ұйымдардың практикалық жұмысында қолдануға болады.
Түйін сөздер: жұмыс өмірінің балансы, гармониялық үйлесім, отбасылық міндеттер, гендерлік теңдік, жастар, отбасы және жұмысбастылық балансының саясаты, отбасы саясаты.









