Қазақстаннан АҚШ-қа бағытталған білім беру көші-қоны: жастардың білім беру және кәсіби жоспарлары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202698310

Аңдатпа

Жаһандану жағдайында халықаралық білім беру көші-қоны жастардың кәсіби ұтқырлығының маңызды факторына айналуда. Қазақстан үшін бұл мәселе елдің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануына, академиялық ұтқырлықтың дамуына және адами капитал рөлінің артуына байланысты ерекше өзектілікке ие. Халықаралық білім беру ұтқырлығының жетекші бағыттарының бірі – АҚШ. Оның жастар үшін тартымдылығы жетекші университеттердің шоғырлануымен және дамыған зерттеу инфрақұрылымымен байланысты. Зерттеудің мақсаты – қазақстандық жастардың АҚШ-қа бағытталған білім беру көші-қонын айқындайтын факторларды анықтау. Зерттеудің эмпирикалық негізін АҚШ университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен жүргізілген 15 тереңдетілген сұхбат құрады; іріктемені қалыптастыруда мақсатты іріктеу әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижелері университетте білім алудың жастар тарапынан кәсіби дамуға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция және халықаралық еңбек нарығына шығу мүмкіндігі ретінде қабылданатынын көрсетеді. Сонымен қатар, шетелдік білім заманауи білім мен кәсіби құзыреттерді меңгерудің және оларды ұлттық еңбек нарығында қолданудың мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Зерттеудің ғылыми құндылығы қазақстандық жастардың АҚШ университеттерінде білім алу үдерісіндегі білім беру және көші-қон стратегияларының кезең-кезеңімен қалыптасуы мен трансформациясын зерттеумен айқындалады. Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы оларды шетелдік жоғары оқу орындарын бітірген қазақстандық түлектерді кәсіби сүйемелдеу және мансаптық қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен шараларды әзірлеуде пайдалану мүмкіндігімен байланысты.

Түйін сөздер: білім беру көші-қоны, білім, кәсіби жоспарлар, жастар, халықаралық мобильділік.

Автор өмірбаяны

  • М. Шнарбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD, бас ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: meru_12_12@mail.ru)

Жарияланды

2026-09-17