Қазақстан Республикасы мен шетелдегі отбасылық дауларды реттеудегі медиацияның құрылымдық кепілдіктері

Авторлар

  • С. М. Сыздықовa Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Т. Омaровa Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JPsS.2019.v71.i4.011

Аңдатпа

Авторлар мақалада әлеуметтану ғылымында әлі де жете зерттелмеген медиацияны, оның ішінде отбасылық дауларды реттеудегі медиацияның құрылымдық кепілдіктерін Қазақстан және шетелдік материалдар негізінде қарастырады. Мақалада ең алдымен, медиация теориясы мен құрылымы, сотқа дейінгі отбасылық медиаторлардың қызметі, екі тараптың арасындағы дауды реттеу технологияларына шолу жасайды.

Соңғы жылдары елімізде жиі қолданып жүрген медиация тәсілі сотқа дейінгі дауларды реттеп, шешуші қызметін атқарып келеді. Медиация – дамыған елдерде ерте қалыптасып, заңды түрде жұмыс істейді. Жалпы, медиация XX-ғасырдың екінші жартысында қарқынды дами бастады. Ең алдымен, медиацияны қолданудың алғашқы іс-әрекеттері отбасы қатынастары саласындағы дауларды реттеу кезінде тәжірибеге енгізілген болатын. Содан кейін, медиация отбасы дауларынан бастап, коммерциялық, көп жақты даулардың кең шеңберін шешіп, реттеу кезінде тиімді қолданылады.

Сонымен қатар мақалада Қазақстан Республикасы мен шетелдегі медиативті тәжірибеге талдау жасалып, оның өзекті мәселелеріне, даму тенденциясына да тоқталады. Қорыта келе, авторлар қазіргі кезде сотқа дейінгі медиацияның қазақстандық қоғамға аса қажеттілігі және түрлі дауларды реттеудегі маңыздылығы жайлы ақпараттың тым аздығы азаматтардың әлеуметтік, психологиялық, заңды сауаттылығына нұқсан келетіндігі жайлы да сөз етеді.

Түйін сөздер: медиация, отбасылық медиация, медиатор, дауды реттеу, екі тарап, Қазақстан Республикасы, шетелдегі медиация, құрылымдық кепілдік т.б.

Автор өмірбаяндары

  • С. М. Сыздықовa, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD доктарант

  • А. Т. Омaровa, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD, доцент м.а

Жүктеулер

Жарияланды

2020-02-02