Гипербелсенділік және зейін жетіспеушілік синдромы бар балалардың әлеуметтік қызметін жақсарту факторлары: шетелдік зерттеулер әдеби шолу

Авторлар

  • А. С. Мустaфинa Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • С. А. Амитов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JPsS.2019.v71.i4.08

Аңдатпа

Гипербелсенділік және зейін жетіспеушілігі синдромы (СДВГ) бар балалар олардың нейротиптік құрдастарына қарағанда әлеуметтік шеттетуді бастан кешіреді. Бұл ретте, жүргізілген зерттеулердің көпшілігі тәуекел факторларына және теріс салдарларға назар аударады. Алайда, аталмыш синдромы бар балалардың бір бөлігі әлеуметтік қабылдауды сақтайды. Соңғы онжылдықта ГЗЖС контекстінде әлеуметтік қабылдауды сақтауға ықпал ететін қорғау факторларының шетелдік зерттеулерінің саны өсуде, бірақ осы жарияланымдар синтездейтін әдебиеттер жоқ. Біздің жүйелі шолуымыздың мақсаты ГЗЖС балаларды құрдастарының шеттетуінен қорғайтын факторларды эмпирикалық зерттеуді бағалау және жалпылау болып табылады. Шолуға ГЗЖС диагностикаланған балалардың және ГЗЖС белгілері бар балалардың қабылданбауына байланысты зерттеулер енгізілген. Шолу барысында  үш деңгейге сәйкес 11 зерттеу қорғаныс факторлары анықталды: жеке, отбасылық және әлеуметтік. Әдеби шолу нәтижелері барлық деңгейдегі қорғау механизмдерінің дәлелдемелерін көрсетеді. Бұл әдеби шолу ГЗЖС бар балалармен күшті жақтарға және қорғау факторларына негізделген әлеуметтік жұмыс тәсілін дамытуға үлес қосады.

Кілтті сөздер: гипербелсенділік және зейін жетіспеушілігі синдромы, әлеуметтік шеттету, әлеуметтік қабылдау, қорғаныс факторлары.

Автор өмірбаяндары

  • А. С. Мустaфинa, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD докторант

  • С. А. Амитов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    әлеуметтану ғ.к., доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2020-02-02