Экзекутивті бақылаудағы индивидуалды ерекшеліктер

Авторлар

  • М. К. Жолдасова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Г. Н. Борбасова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Джеральд Мэттьюс University of Central Florida image/svg+xml
  • А. М. Кустубаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JPsS.2019.v70.i3.08

Аңдатпа

М. Познердің ұсынған когнитивтік функцияны бақылау теориясына сәйкес (Posner, Peterson, 1990) зейіннің үш жүйесі бар: 1) қозу-қырағылық, 2) бағдарлау, 3) экзекутивті бақылау. Экзекутивті бақылаудағы индивидуалды айырмашылықтар тұлғаның психологиялық ерекшелігімен анық талуы ықтимал. Бұл эксперименттік зерттеудің мақсаты индивидуалды ерекшеліктер мен экзе ку тивті бақылау арасындағы өзара байланысты зерттеу. Экспериментке тоқсан сегіз еріктісыналушы қатысты. Олар E-Prime (2.0-нұсқасы) бағдарламасында өңделген Зейін жүйесі тестінің модификацияланған нұсқасын (ANT, Fan, Posner, 2002) мидың электрлік белсенділігін жазу процесінде орындады. Индивидуалды сипаттамаларды өлшеу мына сауалнамалар көмегімен өткізілді: «Үлкен бестік» (Personality structure: Emergence of the five-factor model Digman J.M., 1990; Goldberg L.R.,1993), эмоциялық интеллект сауалнамасы (TMMS, Salovey et al., 1995), эмоциялық реттеуді анықтау сауалнамасы (Gross & John, 2003), көңіл-күй сауалнамасы (The Dundee Stress State Questionnaire, DSSQ, Matthews et al., 2002). Сауалнамалар нәтижесі бойынша алғашқы альфа Кронбах коэффициентінің деңгейі 0,85 шегін көрсетті. «Эмоцияға зейін» және «эмоцияларды басу» шкалалары бойынша альфа-Кронбах коэффициенті төменгі мәнді берді, бұл шкалалар бойынша сұрақтарды қосымша түзетіп, болашақта апробация жасалады. Тапсырманы орындау барысындағы зейін нейрожүйесінің өзгеру динамикасы тапсырманың соңында тек қана қозу-қырағылық жүйесінің көрсеткіштерінің сенімді төмендейтінін анықтады. Зерттеу нәтижелері индивидуалды сипаттамалар мен тапсырманы орындау кезіндегі мінез-құлықтық нәтижелердің арасында өзара корреляциялық қатынастар барын көрсетті. Мысалы, «қозу-қырағылық» көр сет кіші «нейротизммен» және эксперименттен кейінгі «фрустрациямен», ал «экзекутивті бақы лау»  экспериментке дейінгі «фрустрациямен» оң корреляцияланды. Демек, эмоциялық компо нент  экзекутивті бақылау бойынша эксперименттік тапсырманы орындау үшін маңызды болып табылады.

Түйін сөздер: экстраверсия, интроверсия, эмоциялық интеллект, экзекутивті бақылау, зейін жүйесінің тесті. 

Автор өмірбаяндары

  • М. К. Жолдасова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD, доцент м.а.

  • Г. Н. Борбасова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD докторанты

  • Джеральд Мэттьюс, University of Central Florida

    профессор

  • А. М. Кустубаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    профессор м.а., биология ғылымдарының кандидаты

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-13

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік әріптестердің мақалалары