Аддиктивті мінез-құлықты жеткіншектердің психологиялық мәселелері: өмір мағынасындағы стратегияның рөлі
DOI:
10.26577/JPsS.2019.v70.i3.07Аңдатпа
Жеткіншектер бейім болатын тәуелділіктердің әртүрлі формалары бар. Адамның шешім қабылдауына физикалық және гармондық өзгерістердің әсер ететін бір өмірлік сатысы – ол жеткіншек жасы. Осы кезеңде жеткіншектер наркотиктерге және басқа да қауыпты әдеттерге қатты қызығып, соларды байқап көруге әуес болып тұрады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мінез-құлықтың ұзаққа созылатын әлеуметтік және медициналық модельдеріне байланысты жеткіншектердің өздерінің болашақтары туралы не ойлайтындарына көңіл бөлу керек. Жалпы алғанда, зерттеулер келесі жағдайларды көрсетеді, тәуелділікке бейім емес және бейім жеткіншектердің өмірлік жеке бастық жоспарларының құрылымында құндылықтарға бағдарлану мен өмірлік-мағыналық бағдарланулары арасында өте үлкен айырмашылықты көруге болады екен. Бұл нәтижелер мына жағдайларды анықтайды, жеткіншектердің жеке өмірлік жоспарларының психологиялық аспектілері, олардың аддиктивті мінез-құлықтарын дамытуға әсер етеді. Өз пікірін қорғаудағы мықтылық, адалдық және сақ болу сияқты қарым-қатынастағы құндылықтар, тәуелді мінез-құлықты жеткіншектерге қарағанда тексеру тобындағы жеткіншектер үшін маңызды. Аддиктивті мінез-құлыққа бейім емес жеткіншектерде құндылықтар мен өмірлікмағыналық бағдарлануларында негізгі орынды күшті ерік-жігер, мақсатқа жету тәріздес құндылықтарды бірінші орынға қояды, ал екінші орынға инструменталды құндылық болып табылатын жауапкершілікті маңызды деп санайды. Зерттеу нәтижелерін жеткіншектермен тиімді психокоррекциялық және профилактикалық жұмыстарды жүргізуде қолдануға болады. Жүргізілген зерттеу келесі жағдайларды анықтады, психокоррекциялық жұмыстар жеткіншектердің жеке бастық өмірлік жоспарларын ескеріп жүргізілуі керек. Аддиктивті мінезқұлыққа бейім жеткіншектер үшін жеке өмірлік жоспарлардың зерттеу барысында анықталған сипаттамаларын сот-психиатриялық сараптамада немесе кешенді соттық психиатриялық тексерулерде психодиагностикалық мақсатпен қолдануға болады.
Түйін сөздер: аддиктивті мінез-құлық, өмірлік бағдарланулар, құндылықтар.









