Қарттардың әлеуметтік эксклюзиясы: әдеби шолу

Авторлар

  • А. А. Жакыпбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JPsS.2019.v70.i3.05

Аңдатпа

Бұл мақала қарт адамдардың әлеуметтік эксклюзиясына әдеби шолу жасауға бағытталған. «Әлеуметтік эксклюзия» ұғымы әр түрлі контексте қарастырылады және қарт адамдардың әлеуметтік эксклюзиясының сипаттамасы жасалынады. Мақалада әлеуметтік эксклюзия эмпирикалық зерттеуді қажет ететін күрделі процесс ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, карт адамдардың әлеуметтік эксклюзиясына әсер ететін факторлар талданылып, осы үдерістің тәуекел факторлары белгіленеді. Ғалымдар әлеуметтік эксклюзияны зерттей келе, әлеуметтік эксклюзияға нақты анықтама беру мақсатында, оны өлшеудің әдістерін ұсынды. Олардың бірі – әлеуметтік эксклюзияның Бристолдық Матрицасы. Мақаланың негізіне Бристолдық Матрица алына отырып, әлеуметтік эксклюзия элементтері анықталынады. Әлеуметтік эксклюзияның әдеби шолуына сүйене отырып, әлеуметтік эксклюзияның тұжырымдамасы осы эксклюзияның өлшеуіш шкалаларын қамтитынын көруге болады. Сол арқылы мақалада әлеуметтік эксклюзияның өлшеуіш шкалалары талданады және тұжырымдамалық үлгі жасалады. Менің ойымша, бұл тұжырымдамалық үлгі «қарт жастағы әлеуметтік эксклюзияны жеңу» тақырыбы бойынша эмпирикалық зерттеуді әзірлеуге көмектесе алады. Алайда, тұжырымдамалық модель субъективті болғандықтан, әлі де әлеуметтік эксклюзияға тереңдетілген анықтама беріп, әлеуметтік эксклюзияның қазақстандық моделін жасау керек. Бұл бізге осы күрделі үдерісті шешу жолдарын табуға көмектеседі.

Түйін сөздер: эксклюзия, әлеуметтік эксклюзия, қарт адамдар, оқшаулау.

Автор өмірбаяны

  • А. А. Жакыпбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының докторанты

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-13