Саяси-мәдени ортада персоналды іріктеудің психологиялық әдістері
DOI:
10.26577/JPsS.2019.v70.i3.04Аңдатпа
Кәсіби ұйым үшін әрбір адам қабілеттері мен мамандандырылуына сәйкес, еңбекті құзіретті сүйемелдеуді алу үшін ұйымда нақты қызмет атқаруы маңызды, осылайша бұл ұйымға алдын ала қойылған мақсаттарына жетуге көмектеседі. Мақалада ұйымда персоналды іріктеудің психологиялық әдістері қарастырылады: персоналды іріктеу сатылары, персоналды бағалау әдістемесі. Персоналды іріктеу күрделі процесс, бұл үлкен назар аударуды және барлық функцияларды дұрыс анықтауды талап ететін, зерттеу деректеріне негізделген ғылыми көзқарас тұрғысынан сипатталады. Іріктеудің және жалдаудың теориялық-әдістемелік аспектілері бірқатар ғалымдардың жұмыстарында жарық көрді. Chaudhuri K.K., Huffcut, A.I, Podsakoff, N.P., Whiting, S.W., Podsakoff, P. M., А.П. Егоршина, С.И. Самыгина, А.Я. Кибанова және т.б. кәсіпорынды кадрлармен қамтамасыз етуде теориясы мен тәжірибесін байытқан. Нақты жағдайларда персоналды іріктеу қалай жүргізу керектігіне практикалық мысалдар келтіріледі, басшылар рұқсат беретін артықшылықтары мен кемшіліктері талданады. Персоналды іріктеу процесі мен сатылары қарастырылады. Әр түрлі ұлттық құрамы бар мемлекеттік мекемелерде жиі қолданылатын персоналды іріктеудің қазіргі заманғы психологиялық әдістерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді. Кандидаттарды бағалау кезінде ұйымдарда қолданатын өмірбаяндық әдістің бағалау құрал ретінде мүмкіндігі анықталды. Болашақ мінез-құлықтың предикторы болып табылатын өткен мінез-құлық реттілігінің принципі негізделеді. Тұлғалық қасиеттерін, ұстанымдарын, тәжірибесін, мүдделерін, дағдылары мен қабілеттерін, мәдени әдеттерін көрсететін өткен оқиғалар мен мінез-құлық туралы мәліметтер жалпы өнімділіктің болжамдық параметрлері тұрғысынан түсіндіріледі. Қызметкерлердің біліктілік деңгейін және олардың білімін анықтау үшін іріктеудің психологиялық әдістерінің маңызы ашылады.
Түйін сөздер: кадрларды іріктеу және орналастыру, кадрларды іріктеу кезеңдері, кадрларды бағалау, кадрларды іріктеу көздері, бағалау құралдары, өмірбаяндық әдіс, көп мәдениетті орта.









