Болашақ дефектолог имиджін қалыптастырудың теориялық-практикалық негіздемесі
DOI:
10.26577/JPsS.2019.v70.i3.03Аңдатпа
Мақалада имидж ұғымының мән-мағынасы мен теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, педагогтің имиджі мен болашақ дефектологтардың имиджін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық аспектілері қарастырылды. Қазіргі уақытта жоғары педагогикалық білім берудің теориясы мен тәжірибесінің өзекті бағыттарының бірі болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру процесі болып табылады. Педагогтың кәсіби қызметіне әр түрлі көзқарастар қажетті тұлғалық және кәсіби қасиеттерді анықтау мен мазмұндаудың әр түрлі тәсілдеріне негізделді. Бірінші жағдайда кәсіби маңызды қасиеттер деп педагог өзінің кәсіби функцияларын тиімді жүзеге асыру үшін меңгеруі тиіс білім, білік және дағдылар жиынтығы түсіндіріледі. Екіншісі – педагогикалық қызметтің оң нәтижесін қамтамасыз ететін жеке қасиеттердің жиынтығы. Сонымен, имидж – тұлғаның келбеті, әдеті, сөйлеу тәсілі, ментали теті, әрекеті және т.б. негізінде қалыптасқан адамның бейнесі. Болашақ дефектолог оң имиджінің құрылымы анықталып, нәтижесінде болашақ дефектологтың имиджін қалыптастыру критерийлердің жиынтығы мен тиісті көрсеткіштер айқындалды: когнитивтік (имидж туралы білім, кәсіби және жеке өзін-өзі жетілдіру), мотивациялық (жеке және кәсіби дамыту траекториясын құруға арналған жолдар мен мүмкіндіктерді іздеуге, оң эмоционалды құндылық өзін-өзі және басқаларына), іс-әрекеттік (имидждік қалыптастыру тәжірибесі). Зерттелетін феноменнің анық ажыратылатын өлшемдері мен көрсеткіштері негізінде біз дәрежені көрсететін өзара байланысты деңгейлерді анықтадық, болашақ дефектологтың имиджінің қалыптасуы: жоғары, орта, төмен. Аталған көрсеткіштер мен өлшемдердің деңгейін анықтау мақсатында зерттеу әдістерін (тест, сауалнама) жүргіздік.
Түйін сөздер: ЖОО, студент, болашақ дефектолог имиджі, кәсіби құзыреттілік, тұлғаның келбеті, менталитет, имиджмейкер, сыртқы бейне, тұлғалық қасиет, эмпатия.









