Психологтардың эмоционалды аймағын психологиялық талдау

Авторлар

  • Г. Ж. Сарбасова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Х. К. Решке Лейпциг университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2019.v69.i2.027

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орны студенттерінің эмоционалды аймағы қарастырылған. Студенттердің тұлғалық және психологиялық ерекшеліктеріне сипаттамалар жасалды, жоғары оқу орнында білім алу барысында кездесетін қиындықтар, оның эмоцияға әсер етуі туралы материалдар орын алды. Студенттердің жасерекшелігіне байланысты қалыптасатын психологиялық өзгерістер, олардың жаңа ортаға бейімделуі, білім алудағы оқуға деген мотивтері және бірінші курс студенттерінде кездесетін эмоционалды қиындықтарды ашуда олардың емтихан алдындағы қобалжулары мен қорқыныштары, стресске түсуі жайлы мәселелер сипатталды. Эмоция мәселесі бойынша шетелдік еңбектерге талдау жасау негізінде эмоционалды өзгерістер мен оның тұлға психологиясындағы ролі туралы ақпараттар да негізге алынды. Эмоционалдықтың мазмұнды аспектілері субъект үшін ерекше маңызы бар құбылыстар мен жағдайлар көрсетілді.  Эмоционалдықтың сапалық қасиеттері индивидтің сыртқы әлем құбылыстарына қатынасы сипаттала келе эмоциялардың басым белгілері көрсетілді. Бұл тұжырымдарға сай студенттерге диагностикалық әдістемелерді жүргізу арқылы олардың эмоционалды аймағы зерттеліп, алдағы уақытта онда анықталған эмоционалды қиындықтарды түзету­дамыту жұмыстарын жүзеге асыру негізге алынды. Студенттерге жүргізілген зерттеу нәтижелері салыстырмалы түрде көрсетілуі негізінде төртінші курс студенттерінің эмоционалды аймағы үйлесімді дамуда болды, бұл студенттердің  өз эмоцияларын ұстанған және әр түрлі өмірлік жағдайларда өзін қандай да бір дәрежеде бақылай алатынын көрсетеді, мұндай нәтиже жоғары оқу орнының білім беру барысында студенттердің психологиялық жағдайын қамтудың жетістігінің кепілі екендігін көрсетті. Жоғары оқу орны студенттерінің психологиялық аймағына талдау жасау арқылы олардың осы жасерекшелік кезеңінде болашақ кәсібіне деген мотиві де орын алды, студенттердің эмоцияларының жақсы деңгейде болуы олардың өз­өздерін тануы, басқара алуы, ортасымен қарым­қатынасқа түсе алуында екендігі теориялық тұрғыда тұжырымдалды.

Түйін сөздер: эмоциялар, эмоциялық аймақ, эмоциялық уайымдар, сезімдер, стресс, қобалжу, эмоционалды ұстамдылық.

Автор өмірбаяндары

  • Г. Ж. Сарбасова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD докторант

  • Х. К. Решке, Лейпциг университеті

    профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік әріптестердің мақалалары