Адамның ақшаға деген қарым-қатынасына әсер ететін негізгі фaкторлaрды психологиялық тaлдaу

Авторлар

  • В. П. Трубников Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. И. Гарбер «Reinhardshöhe» оңaлту клиникaсы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2019.v69.i2.026

Аңдатпа

Ақша психологиясын зерттеу және жастармен ақша мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс қазіргі таңда Қазақстанда дербестікті, қаржылық интеллектіні, экономикалық еркіндікті қалыптастыру, барабар-сауатты шешімдер қабылдай білу, сондай-ақ өз елінің азаматы тұлғасының барлық жағынан болашағы бар жас, толыққанды өсуі мен дамуы үшін аса маңызды. Бұл мақалада адамның ақшаға деген қарым-қатынасына әсер ететін негізгі факторлардың психологиялық талдауы қарастырылған,өйткені оларға тек монетарлық құндылықтарға деген салауатты қарым-қатынас ғана емес, сонымен қатар адамның өзіне және әлемге деген қарым-қатынасының барлық құндылық-мағыналық аспектілері, жалпы мінез-құлық мәдениетін қоса алғанда. Ақшаға құндылық-мағыналық көзқарас адамның қалыптасуы мен дамуы кезеңінде, яғни оның өмір бойы қалыптасады. Адамның ақшаға қарым-қатынасына сыртқы және ішкі әсер ету факторларын талдау кезінде қазіргі заманғы ақша әлеуметтік қатынастардың экономикалық реттеушісі шеңберінен бұрын шығып, жеке тұлға мен қоғамның психологиялық проблемаларын барынша шегіне дейін жалаңаштандыратын аса маңызды аспектіге айналған факт ескерілді.

Адриан Фернхем өз жұмысында "Жеке тұлға және ақша" адамның ақшалай мінез-құлқына тікелей әсер ететін алты негізгі факторды бөлді, оның әлеуметтік жағдайы, ортасы мен экономикалық мәртебесі, индивидуумның гендерлік қатыстылығы, жасы мен тән жеке ерекшеліктері бар. Осы факторлардың әрқайсысы ақшаға деген қарым-қатынастың факторлық құрылымын ескере отырып жүргізілген заманауи зерттеулерді талдаудың арқасында біздің мақалада егжей-тегжейлі қаралды. Жалпы, Қазақстан тарихының Социалистік кезеңіндегі идеологиялық мифтер мен теңдестірілген этикадан арылу, ортақ мінез-құлықтың жаңа стратегияларын меңгеру болашақта адамда ақшаға, олардың әлеуметтік функцияларына деген салауатты қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді, ақша қатынастарының қазіргі заманғы даму деңгейіне әкеледі. Ақшаға деген дұрыс қарым-қатынас жастардың тұтынушылық қарым-қатынастарынан және туыстарынан, жақындарынан және мемлекеттен деструктивті-пассивті көмек күтуге мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: ақша, құндылық, сыртқы және ішкі факторлар, мәдениет, қатынас.

Автор өмірбаяндары

  • В. П. Трубников, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    3-ші курс PhD докторанты

  • А. И. Гарбер, «Reinhardshöhe» оңaлту клиникaсы

    PhD, қауымдастырылған психология профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік әріптестердің мақалалары