Білім берумен әлеуметтік жаңғыру: отбасының әлеуметтік мәртебесінің жастардың кәсіби таңдауына ықпалы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2019.v69.i2.019Аңдатпа
Білім деңгейін жоғарылату жастардың өміріндегі негізгі кезеңдердің бірі болып келуде, әсіресе, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік деңгейіне білімнің жоғары ықпалымен сипатталатын қазіргі қоғам шарттарында білімнің маңыздылығы жоғары десек қателеспейміз. Тәуелсіздік жылдары елімізде білім беру саласында сапалық және сандық өзгерістер кеңінен орын алуда. Жастардың жоғары білімді таңдау кеңістігі кеңейді, дегенмен «АҚ Ақпараттық-сараптау орталығының» мәліметтеріне сүйенсек, жұмысқа тұрған ЖОО түлектерінің барлығының ішінен тек 12%-ы өз мамандығы бойынша орналасады. Еңбек нарығын қажетті мамандармен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу мүмкіндіктерінің артуына қарамастан, жұмысқа тұрудың сәтті тәжірибелері тек жоғары білімді алумен ғана емес, ал көбіне жастардың жоғары білімді таңдаудағы шешімдері мен кәсіби ұстанымдарымен байланысты екендігін қайта көрсетеді. Осы орайда жастардың жоғары білімді таңдауда қандай факторларды ескеретінін зерттеу маңыздылығы артып отыр. Жастардың білімдік және кәсіби ұстанымдарын кешенді әлеуметтанулық зерттеу оларды болжауға және экономика қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Аталмыш мақалада мектеп түлектері мен олардың ата-аналары арасында жүргізілген зерттеу негізінде жастардың жоғары білімді таңдау үрдісінің барлық құрамдас бөліктері (мамандық таңдау, жоғары оқу орнын таңдау) зерттелінген.
Кілт сөздер: жоғары білім, мамандықты таңдау, университет рейтингісі, біліми жоспарлар, ата-ананың білім деңгейі, мектеп түлектерінің кәсіби ұмтылыстары, жоғары білімнің маңыздылығы.
