Студенттердің тұтыну қоржынының күйін зерттеу

Авторлар

  • К. К. Кенжегалиев Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
  • М. А. Ерохина Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2019.v69.i2.018

Аңдатпа

Студенттердiн қазіргі заманғы проблемаларын шешудің ықтимал шешімдерін іздестіру барысында мемлекеттік жастар саясатының қазіргі жағдайы талданып, бар проблемаларды шешуге белсенді түрде қатысу қажеттілігі анықталды.
Cтуденттер - қоғамның ең белсенді бөлігі, сондықтан әлеуметтік саясат проблемалары жастармен тікелей байланысты, соңғы жылдары бул туралы халықаралық оқиғалар айтады. Бул маселеге Э. Дюркгейм, Р. Мертон, Т. Парсонс, К. Поланьи, Ш. Рамон, P.M. Ахмадинуров, О.С. Виханский, Н.А. Волгин, В.Д. Кондратьев, А.И. Наумов, З.П. Румянцева сияқты шетелдік және ресейлік ғалымдардың жұмыстары арналған кез келген дамыған мемлекет қоғамның әлеуметтік стратегиясына әлеуметтік саясатты әзірлеуі керек.

Зерттеу әлеуметтік қорғауды жетілдіретін асмпектіде халықтың ең аз қорғалған әлеуметтік жағынан студенттерге арналған. Студенттердің тұтыну қоржынының мөлшері, азық-түліктің қымбаттауына байланысты, өте өзекті әлеуметтік проблемаға жатады. Біздің пайымдауымызша студенттік жастардың 50% қосымша табыс табумен айналысады денсаулығын қалыпты жағдайда ұстау үшін, ақыл-ой еңбегімен айналыспағанда. Зерттеу барысында азық-түлік базарындағы тұтыну тауарларын қарап және оның бағаларына зер салдық. Стаститикалық әдіспен тұтынантын тағамдарды анықтадық. Студенттердің тұтынатын тағамдарының рангілерін анықтадық. Мақалада қазақстандық студенттердің тұтыну қоржынының құрамын зерттеу талдауы келтірілген. Бағалау әдісін қолдана отырып, студенттер арасында ең көп тұтынылатын өнімдерді анықтадық.

Кілтті сөздер: азық-түлік, ранг, ранглеу,  минималды тұтынушылық қоржын, әлеуметтік стандарт, студенттер

Автор өмірбаяндары

  • К. К. Кенжегалиев, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

  • М. А. Ерохина, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

    магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-03