Сұлулық индустриясы: қазіргі Қазақстандық қоғамдағы даму болашағы мен үрдістері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2019.v69.i2.011Аңдатпа
Мақала қазіргі қоғамдағы сұлулық индустриясын дамытуға арналған. Қазіргі Қазақстандағы сұлулық индустриясы танымал әлеуметтік үрдіске айналуда. Сұлулық идеалы-бұл физикалық ерекшеліктерді (мысалы, "үлкен және үрленген" немесе жұқа еріндер, үлкен немесе кішкентай кеуде және т.б.), сондай-ақ сұлулық өнімдері мен әрекет қызметтерін қамтитын жалпы «қөзқарас». Қоғам әдемі болуға ұмтылады, өйткені сұлулық өмір сүру үшін күресте өз иесіне артықшылық береді.
Көбінесе әйелдерге қарағанда ерлер әйелдердің физикалық тартымдылығына үлкен мән береді. Нәтижесінде, әйелдердің әлеуметтік мүмкіндіктері ерлермен салыстырғанда олардың тәндік сұлулығына тәуелді болады, сондықтан әйелдер сұлулық идеалына жету барысында үлкен қысымға тап болады. Әйелдер сұлулығының стандарттары бүкіл әлемде бірдей болмаса да, олар бүкіл әлем бойынша уақыт өте келе өзгереді. Қазақстанда қазіргі кезде пластикалық хирургтардың instagram аккаунттарындағы фолловерлер (жазылушылар) саны өсіп келеді. Бүгінде басқа елдердердегідей Қазақстанда медицина технологиялары косметикалық өнімдердің көмегімен: эстетикалық хирургия және косметология, ағзаларды трансплантациялау және транссексуальдық хирургия арқылы дене «құрылысын» жеке жоба ретінде жасауға мүмкіндік берді. Әйелдердің денелері инновациялық.
Түйін сөздер: сұлулық индустриясы, пластикалық хирургия, тартымдылық, нәзіктік.
