Кеңсе қызметкерлерінің кәсіби-тұлғалық құзыреттілігінің мәні және құрылымдық-мазмұнды сипаттамасы

Авторлар

  • М. К. Таипова «Алматы» Университеті
  • Р. С. Копжасарова «Алматы» Университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2019.v69.i2.09

Аңдатпа

Бұл мақалада кеңсе қызметкерлерінің кәсіби-тұлғалық құзыреттілігінің қолдан балы мәні қарастырылады. Кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктің мазмұнымен құрылымын түсіну қазіргі заманғы компанияның кадрлық ресурстарын басқарудың табысты жұмыс істейтін жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі заманғы менеджмент ғылыми білімнің түрлі салаларындағы, соның ішінде педагогика мен психологияның жетістіктерін таңдай отырып, кадрларды басқару құралдарын біртіндеп кеңейтіп келеді. Осы саладағы жетекші жетістіктердің бірі коммерциялық ұйымдардың менеджмент жүйесінің қызмет саласына құзыреттілік тәсілдіенгізу болып табылады.

Кәсіби тұлғаның интегративті сапасыретінде кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктің мәні ашылады. Авторлар кәсіби-тұлғалық құзыреттілік компоненттеріне толық талдау жасайды, олардың өзара қарым-қатынасымен даму механизмі ашылады.

Кеңсе қызметкерлердің компоненттік талдауының негізінде осы мақалада кәсіби-тұлғалық құзыреттілікті авторлық анықтау, сондай-ақоның құрылымдық - мазмұндық сипаттамасын көрсететін сызба ұсынылады. Корпоративтік орта жағдайында дамуы компанияның стратегиялық өсуінің қажетті міндеті болыпта былатын кеңсе қызметкерлерінің кәсіби-тұлғалық құзыреттілігінің төрт негізгі компоненті атап өтіледі.

Мақалада менеджменттің қазіргі заманғы тәсілдерін, сондай-ақ педагогика мен психологияны пайдалана отырып, кеңсе қызметкерлерінің кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін мақсатты дамыту және жетілдіру қажет тілігі дәйекті түрде негізделеді.

Түйін сөздер: кеңсе қызметкерлерінің кәсіби-тұлғалық құзыреттілік, кеңсе қызметкерлерінің кәсіби-тұлғалық құзыреттілік дамытуы, қазіргі заманғы басқаруда психологиялық-педагогикалық құралдары, кадрлық әлеуетін дамыту.

Автор өмірбаяндары

  • М. К. Таипова, «Алматы» Университеті

    Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

  • Р. С. Копжасарова, «Алматы» Университеті

    Магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-02