Обзор методологических подходов исследования «совладающего копинг-поведения» и «денег»
Аңдатпа
Психологияда «копинг-қылығы» жақында ғана зерттеліне басталды. Адамға әсер ететін психологиялық тұрғыдан, күнделікті мәнділігі мен ескілігіне қарамастан «ақша» мүлдем зерттелмеген. Психологиялық қысымның тұрақты және әлеуметтік қатынастарды реттеу факторы болып, қоғамдағы монетарлық қатынастар экономика шегінен шығып кетті. «Ақша» әсіресе оның саны жарытушысының қылығына әртүрлі факторлар әсер етеді, адамды ақыл-ой, адамгершілік, жігер айырады. Бұл әлемдік статистикада бірыңғай цифрлармен дәлелденеді: әлемдегі қылмыстық істің 90%-ы (қарақшылық, өлтірушілік, құлдық, айлакерлік және т.б.) дәл ақша немесе оның баламасымен байланысты. Қылмыстық статистикадан басқа, «ақша» және «кредит» адамға келеңсiз әсер етедi, суицид, психологиялық шалдығу, есеңгіру және басқа өмірге қауіпті психосоматикалық ауруларда шығады. Осыған байланысты «Жастардың копинг-қылықтың әртүрлі стильдерімен ақшаға деген көзқарасының құндылықты және мағыналы аспектілері» зерттеу тақырыбы бұрын-соңды болмағандай өзекті болып табылады, өйткені адамның өмірі, денсаулығы, мансабы, үй ішінің амандығы және қоғамның дамуы өзінің қылығына байланысты. Бұл мақалада классикалық әдістеме, алыс шетел зерттеушілерінің бірегей әдістемелік бағдарлауы және «копинг-қылығы» мен «ақша» зерттеулер жүргізуінің айрықша әдістеме таңдау қиындықтарының негізгі аспектілері қарастырылған. Ақшаның адам мінезіне әсері, өмірлік құндылықтар және басқа әлеуметтік аспектілерге әсері туралы сұрақтар өте өзекті мәселе. Бір жағынан, әлемдік қаржылық дағдарыс, екіншіден, тауарлық молшылық, адамға күнделікті қажеттілікті таңдау барысында қиыншылық туғызады. Ақшаның адамға және оның дәстүрлі құндылықтарға (отбасы, махаббат және достық) әсер ететін психологиялық аспектің анықтауы әртүрлі ғылыми бағыттарды және кез келген жеке тұлға мен жалпы әлеуметке маңызы талданады.
Түйін сөздер: әдістеме, психология, ақша, копинг-қылығы.









