Этнопсихологическая специфика экономического сознания предпринимателей
Аңдатпа
Мақалада автор экономикалық сана ұғымына және оған ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің ықпалы туралы талдау жасаған. Респонденттер ретінде таңдалынып алынған кәсіпкерлер, бірінші кезекте, жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың тасымалдаушылары болып табылады және елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің тиімділігіне тікелей әсер ететіндігімен түсіндіріледі. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпкерлердің экономикалық санасының ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін түсіндіретін айырмашылықтарын анықтау және оның экономикалық мінез-құлықтарының ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Психиканың этникааралық айырмашылықтары негізінде жатқан негізгі себеп-экономикалық модельдерді таңдауды айқындайтын, адамдардың мінез-құлқын анықтайтын, реттеуші функция ретінде әрекет ететін мәдениет болып табылады. Оның орындайтын көптеген қызметтерінің ішінде ең маңыздысы реттеу қызметі, осы немесе басқа кезде адамдардың мінез-құлқын анықтай отырып, мәдениет тек адам мінез-құлқының көрсеткіші ретінде ғана емес, экономикалық модельдердің таңдауын да көрсетеді. Мәдени өлшем теориясының негізінде экономикалық сана мен экономикалық мінез-құлықтағы ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің пайда болу ерекшелігіне салыстырмалы талдау алгоритмі ұсынылды. Зерттеу нәтижелері қазақ және орыс ұлтының респонденттерінің санасында экономикалық категориялардың вербалды сипаттамалары кластерінің дифференциациясын, кәсіпкерлердің құндылық құрылымындағы, экономикалық қатынастардың интерндігі мен олардың модалылығы деңгейіндегі айырмашылықтарды, қазақтар мен орыстардың экономикалық түсініктерін сипаттайтын жеке конструктивтерді растады.
Түйін сөздер: ұлттық-психологиялық ерекшеліктер, экономикалық сана, экономикалық мінез- құлық, ұлттық мәдениет параметрі.









