Заңмен қақтығыстағы жеткіншектердің псхикалық денсаулықтарын бағалауда интервью жүргізудің ерекшеліктері

Авторлар

  • Е. И. Барабанова
  • Е. В. Дергачёва
  • И. К. Мацкевич
  • С. А. Стельмах

DOI:

10.26577/JPSS-2018-1-612

Аңдатпа

Заңмен шиеленісі бар жеткіншектердің психологиялық жағдайын бағалау үшін сұхбаттар өткізу тәжірибесін осы мақала жүйелейді. Жеткіншектің психологиялық жағдайы оның дамуы мен жетілуінің негізі деп қарастырылады. Заңмен шиеленісі бар жеткіншектер әдетте қоғамға қауіпті деп қарастырылады, әлеуметтік оқшаулау және стигматизмдеу жоспарланады. Алайда, заңмен шиеленісі бар жеткіншектермен жұмыстың халықаралық практикасы бұл жеткіншектердің заңмен не үшін шиеленіске түскен жағдайын анықтап, бағалауды, қайта қарауды ұсынады. Бұл жағдайда баланың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын бағалау проблемасы үлкен рөл алады. Баланың психологиялық жағдайы – негізгі бағалау сияқты маңызды орын алады. Баланың психологиялық жағдайын бағалау рөлін ескере отырып, алдағы өмірі, заңмен қайта шиеленіске түсу қауіпі, оңалту және қайта қалпына келтіруді жоспарлау туралы мәселелерді шешу үшін психологиялық жағдайы туралы мәліметтерді алу әдістері мен жағдайлары туралы мәселе өзекті болып келеді. Әділ сот жүйесіне тартылған кәмелеттік жасқа толмағандардың психологиялық жағдайын нығайту стратегиясының рөлі – баланың әлеуметтік дағдыларын жақсарту, мінез-құлықтарын өзгерту және олардың отбасыларын емделу мен білім алуға тарту тәсілі деп түсіндіріледі. Авторлармен араласудың ең жақсы формаларын анықтау үшін заңмен шиеленіске түскен жеткіншектердің психологиялық жағдайына кешенді бағалау жүргізудің спецификасы қарастырылды. Сұхбат алуға сауалнаманы дайындау ерекшеліктерін зерттеу методологиясы негізделді. Сұхбатты ұйымдастыру мен сұхбат алушыларды дайындаудың ерекше сәттері анықталды. Өткізілген зерттеу негізінде, авторлармен жеткіншектердің психологиялық жағдайлары саласында көмек алуға жәрдемдесетін шаралар ұсынылды.
Түйін сөздер: психикалық бағалау, психикалық денсаулық, көмек, әсер ету, интервью, заңменқақтығыстағы жеткіншектер.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-06