Қоғамның әлеуметтік-экономикалық институттарға сенім зертеу теориялық көзқарастары
Аңдатпа
Соңғы уақытта әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жағынан сенім теориясына деген қы- зығушылық айтарлықтай қарқынмен өсіп келеді. Сенімнің күнделікті өмірде атқаратын қызметін ескеретін болсақ бұл аса таңқаларлық жағдай емес. Бірақ, соған қарамастан әлі күнге дейін сенімді анықтау мен оның қоғамдағы құрылымы мен функционалдық маңыздылығын анықтайтын әдіс жоқ. Сенім ХХ ғасырдың 70-шы жылдары әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің объектісі ретінде танымал бола тұра түрлі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарапынан әлі күнге дейін нақты анықтамаға ие болған жоқ. Әлеуметтік ғылымдарда классикалық әлеуметтанушы ғалымдардың зерттеуі негізінде сенім формасын қоғам эволюциясы барысында өзгеріске ұшыраған ұғым ретінде қарау көзқарасы қалыптасқан. Классикалық ғалымдар зерттеулерінің ең негізгісі ретінде неміс ғалымы Ф. Теннистің қоғам теориясын мысалға келтіре аламыз. Сенімді қоғам эволюциясы бойынша қарастыру барысында индустриалды қоғам орнағанға дейін сенім адамдар қарым-қатынасы арасында ерекше орынға ие болған деген тұжырымға баса назар аудару қажет. Қоғам эволюциясы барысында сенім қоршаған ортаға байланысты өзгерістерге ұшырап отырған. Архаизм дәуірінде сенім – тұлғаралық сенім, топ, әлеуметтік келісім негізінде көрінген. Бұл мақалада экономика және әлеуметтану ғылымдарындағы сенімнің негізгі ұғымдары талданды. Мақалада экономика классиктері Адам Смит пен Давид Рикардоның еңбектері мен жаңа мектептер мен институционалды экономика мен экономикалық әлеуметтану ғалымдарының еңбектері талданған. Көріп отырғанымыздай қазіргі таңда сенім теориясына қатысты ғалымдар еңбектерін зерттеу тенденциясы қалыптасуда. Сенімнің шығу тегі, оның сенім, сенімділік, тәжірибелік сияқты моральдік терминдермен байланысын жалпылама зерттеу ғана емес, сонымен қатар әлеуметтанушыларға сенімнің қазіргі қоғамдағы орны мен оны қоғамға орнықтыру механизмдерін анықтау мен қоғамдағы тұлғаның интеграциялануын зерттеуге баса назар аудару қажет.
Түйін сөздер: сенім, сенушілік, қоғам, жаңа экономикалық әлеуметтану, жаңа институциялық экономикасы, қоғам өсиеті, даму.









