Қоғамдық сана модернизациясы саласындағы гуманитарлық білім потенциалы

Авторлар

  • Кенес Умбетжанович Биекенов
  • Құралай Авсыдыкова
  • Индира Сарыбайқызы Сарыбаева

Аңдатпа

Бұл мақала гуманитарлық білімнің рөлі мен маңыздылығын арттыруға арналған, оның қолданыс саласын кеңейту және кеңес дәуірінде жойылған гуманитарлық ғылым пәндерінің мәртебесін қайта қалпына келтіруге бағытталған. Кезінде гуманитарлық ғылымдар жаратылыстану ғылымдарындағы ұлы ашылулардың заңды негізі болған болатын.
Жұмыстың мақсаты – гуманитарлық ғылымның этика, шешендік өнер әлеуметтануы, логика сияқты пәндерінің мәртебесін қайта қалпына келтірудің артықшылықтарын түсіндіру. Президент заманауи интернет мәдениеті, жаһандану, батысшылдану және турбиленттену, яғни тарихи уақыттың және адам өмірінің жылдамдауы жағдайында білім беру бағдарламасы мен әдіснамасын толықтай өзгерту қажет екендігін атап өткен болатын. Әдіснама бойынша қазіргі таңда жаңа энергия қажет. Біршама уақыттан кейін планетаның энергетикалық ресурстары сарқылатын болады. Күн, жел және су энергиясын қолдану біздің қоғамның дамуының заңды кезеңі болып табылады.

Зерттеу әдіснамасы К. Маркс, Ф. Энгельс, Р. Гордон еңбектері болып табылады.

Әдіснама гуманитарлық білімді күшейтумен байланысты. Бұл: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімділікке ұмтылу, эволюциялық даму, сананың ашықтығы.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары елімізге өнімділікті арттырудағы «қуып жетуші» салмағынан арылу үшін өндіріс пен экономикаға жаңа технологиялар мен тәсілдер енгізу қажеттілігімен байланысты. Жұмысбастылықтың өсу қарқынының баяулауының экономикалық әл-ауқаттың артуына әсерін орнына келтіру үшін бізге өндірістік процестерді жетілдіру, тапсырмаларды бөлу, механизация, өндірісті автоматтандыру қажет.

Тақырып таңдаудың негізі, оның өзектілігі қоғамдық сұранысқа ие болуымен және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басым салалардың көрсетілуі, гуманитарлық білім сапасының бұдан арғы негізгі мақсаттары туралы сөзі болды. Тақырыптың өзектілігі гуманитарлық ғылымға деген жалпы қызығушылықпен анықталады. Зерттеу объектісі гуманитарлық білім беру бағдарламасы болып табылады, зерттеу пәні – гуманитарлық ғылым пәндерінің енгізілуі және жүзеге асыру әдістері. Зерттеу мақсаты автоматизация, роботизация, урбанизация, цифровизация, жасанды интеллект және қоғамдық өмірдің жаңа салаларының туындауы және оларды ұғыну, бейімдеу және оларды игеру қоғамдық сананы жаңғыртуды қажет ететіндігі туралы тезиспен байланысты. Гуманитарлық білімнің сапасын арттыру қоғам санасын жаңғыртудың эффективті құралы болуы мүмкіндігі гипотеза болып табылады. Зерттеу әдісі контент анализ және бақылау, ал эффективтілік өлшемі Гутман индикаторы және шкаласы. Осылайша зерттеу валидтілігі және релеванттылығы, сонымен қатар аддиктивтілігі қамтамасыз етілді.

Түйін сөздер: гуманитарлық білім беру, сананы жаңғырту, әлеуметтану, болашақ энергиясы, бәсекеге қабілеттілік.

Жарияланды

2017-12-20