Эмпирикалық зерттеу барысында педагогикалық-психологиялық жағдайында іскерлікті өзектендіру

Авторлар

  • Серик Крыкбаевич Жантикеев

Аңдатпа

Автор алғаш рет іскерлікті өзектендіру мәселесін динамикалық байланыс тұрғысынан үш жүйесін қарастырды: «Қалыптастыру» – «Сақтау» – «Қолдану». Әрбір жүйеде тиімді өзектендіруге ықпал ететін эксперименттік шарттары белгіленген. Бірінші кіші жүйесіне трансситуативті оқыту жатады, ол біріншіден нормативті жағдайды талап ететін іс-әрекет пен өз іс-әрекеті арасындағы құрылымыңызды белгілерін жинақтау жатады. Екінші және үшінші кіші жүйені зерттеу арқылы ақпаратты сақтау және оны өзектендіру тәсілін жеке басын ынталандыру арқылы сақтау ролін тереңдетіп ұсынуға мүмкіндік берді. Эксперименттік зерттеу жоғары ынталандыру мен сапалы оқу іс-әрекеттерін орындау арасында үлкен байланыс бар кендігін көрсетті және ол іскерлікті өзектендіруге өз әсерін тигізеді. Ынталандыру жоғары болған сайын, тапсырманың орындалу сәттілігі де жоғары болады. Эмпирикалық зерттеу барысында автор психологиялық-педагогикалық жағдайында іскерлікті өзектендірудің жүйесін орнатты, ол үш үйеден тұрады: бірінші – меңгеру процесін ұйымдастыру ерекшелігі білім мен дағдыларды өзектендіруге мүмкіндік тудырады; екінші жүйе білім мен іскерлікті сақтайды, ары қарай өзектенуіне сай болады; үшінші – «іскерлік» белсенділікті ұйымдастыру ерекшелігі, білім мен дағдылардың өзектенуіне әсерін тигізеді.

Түйін сөздер: өзектендіру, өзектілендіру, интериоризация, меңгеру, экстериоризация.

Жарияланды

2017-12-11