Көркемдік қабылдауды зерттеу кезінде С.М. Жақыповтың бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет теориясын қолдану перспективалары

Авторлар

  • А. Б. Валиева
  • Е. В. Паевская

Аңдатпа

Көркем шығармалар практикалық психологияның әртүрлі салаларында қолданылады. Өнер туындыларымен жүргізілетін жұмыс негізделетін «Көркемдік қабылдау» ұғымының көптеген түсіндірмелерінің кемшіліктері көзқарастың қабылдау процесіне сыңар жақтылығы, оны тек ойлау актісі ретінде және тек «табыстаушы субъект-қабылдаушы субъект» бағытында ғана қарастыру болып табылады. С.М. Жақыповтың теориясында осы кемшілік жоқ, себебі, екі субъектінің өзара іс-әрекетін диалогтық, екі жақты ретінде қарастырады. Мақалада көркемдік қабылдау сатысына
қатысты теория ережелері жинақтап қорытылған түрде берілген. «Суыр күні» көркем фильмін жастардың көркемдік қабылдауын зерттеу уақытында алынған деректерді талдау нәтижелері келтірілген. Зерттеу сауалнама, салыстыру, талдау, синтез әдістерін қолдана отырып жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың тұжырымы бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет дамуының деңгейлерін көркемдік қабылдау деңгейлерімен салыстыру ықтималдығы болып табылады. Осы жұмыста көркемдік қабылдау саласындағы С.М. Жақыповтың теориясын алғаш рет қолдануға талпыныс жасалды, бұл, бір жағынан осы теорияның әмбебаптығы туралы сөйлеуге, ал екінші жағынан осы мәселені тәжірибелік психологияда әрі қарай зерттеу перспективаларын ашуға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: көркемдік қабылдау, көркем шығарма, танымдық іс-әрекет, автор, қабылдаушы.

Жарияланды

2017-12-11