Жоо-ның түлектері еңбек нарығында (эксперттік интервью материалдары бойынша)

Авторлар

  • Мира Маульшариф
  • Асель Сарсенова

Аңдатпа

Мақалада экспертті интервью негізінде ЖОО түлектердің жұмысқа орналасуы мен жұмыссыздық мәселесі қарастырылған. Зерттеушілермен жұмысқа орналасу жағдайының өзгеруі ол тек түлектердің талаптарының жоғары болуымен ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілердің үміткерлерге қойылатын жоғары талаптарымен де байланысты екені түсіндіріледі. Қазіргі экономикалық жағдайларда еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін, табысты кәсіби карьераны құруды қамтамасыз ететін кәсіби-жеке сапалардың ролі өсіп келеді. Жоғары оқу орындарында маман даярлау мүмкіндіктері мен түлектердің алғаш еңбек нарығына шыққан уақыттағы білімі мен дағдыларының қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтар бар. Зерттеу әдістемесі: Нарратив элементтерімен жартылай құрылымдалған сұқбат әдісі арқылы эксперт-жұмыс берушілердің пікірлерін зерттеу. Зерттеу құралдары респондент өз жауабын бере алу мүмкіндігінен құралған жартылай жабық сұрақтардан тұрды. Сұрақтардың кейбір бөліктері ашық түрде болды, яғни аудиоқұрылғыға жазылған еркін әңгімелесу түрінде алынған жауаптардан құрылды. Алынған жауаптар соңында транскрипталды. Зерттеуге 16 өндіріс орындардың басшылары мен менеджерлері қатысты. Зерттеу нәтижелері: Көптеген жұмыс берушілер ЖОО түлектерден карьералық өсу, «өз мамандығында қалыптасу», өзінің қызметтік міндеттерін жаапкершілікпен орындауды күтеді. Сұрау барысында зерттеуге қатысушылар бірнеше проблемалармен ұшырасып жатты, соның ішінде «жоғары білім емес, ал жоғары білімі туралы диплом алғандар» сияқты жағдайды сипаттайтын проблемалармен кездесті.

Түйін сөздер: жұмыс берушілер, эксперттер, ЖОО түлектері, кәсіби сапалар, дағдылыр мен құзыреттіліктер, жұмыссыздық.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-09-25