Қазақстандағы энергияның даму болашағы
Аңдатпа
Бұл мақала дәстүрлі қуат көзін алу түрінен болашақ жаңаланған балама түріне өту мәселесіне арналған. Жұмыстың мақсаты – жаңа қуат көздерінің – гелиоқуат көзі, жел қуат көзі және гидро қуат көздерінің мұнай, газ, көмір арқылы болатын дәстүрлі қуат көздерінен артықшылығын түсіндіру болып табылады. Жаңа қуат көздері адам денсаулығының жақсаруына жағымды әсер етеді. Адамдар осындай туындаған мәселелерді дұрыс түсінуі қажет. Бұл жастардың қуат көздері туралы әлеуметтенуіне қатысты міндеттер болып табылады. Зерттеудің әдістемесі болып индустриалияландыру үрдісінің негізін салушылар Д. Белл, И. Друкер және Э. Тоффлер еңбектері жатады. Таза қуат көздерін пайдалану мен өңдеудің әдістемесімен Қазақстан Республикасының ғалымдары айналысуда. Ғалымдар жел мен күн сәулесінен келетін қуат көздерін пайдалану мәселелерін терең зерттеуде. «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмеде олар осы бағытта өздерінің жұмыстарын ұсынады. Бұл, жел қуат көздерін пайдаланудың қазақстандық ғалымдарының жаңа технологиясы европалықтардан түбегейлі түрде ерекешеленеді. Олардың жұмыстарында пропеллерлер емес, ішкі жабық агрегаттар арқылы қосылған. Әлеуметтануда индустриалдық төңкеріс кезеңдеріне қатысты Д. Белл, И. Друкер және Э. Тоффлердің үш 54 Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. №2 (61). 2017 Перспективы развития энергии будущего в Казахстане түрлі көзқарасы қалыптасқан. Бұл жерде негізгі көрсеткіш өндірістік технологияның дамуы, ал индустриялдық төңкеріс қол еңбегі түрінен машина өндірісіне өтетін ғаламдық үрдіс. Сонымен қатар америкалық әлеуметтанушы Д. Белл үш кезеңді бөліп қарастырады. Зерттеу жұмысының қорытынды нәтижелері күн, жел және гидро станцияларын салуда республиканың мүмкіндіктерін қарастыру. Қазақстан өзендерінің және Жунгар қақпасында күн сәулесін мүмкіндігінше максималды пайдалану. Бұл қуат көздері өте арзан және экологиялық таза болады. Тақырыпты таңдаудың негізі мен өзектілігі ЭКСПО көрмесін бұрын ұйымдастырған басқа елдердің, әсіресе Италияның (Милань) тәжірибелері негізіне сүйенеді. Тақырыптың өзектілігі жаңа қуат көздеріне жалпы қызығушылықтың артқанымен айқындалады. Зерттеу объектісі – жаңа қуат көздері. Зерттеудің пәні – практикада таза қуат көздерін алу әдістері. Зерттеудің мақсаты жаңа қуат көздерінің арзан және экологиялық таза және көмір, мұнай, газ қуат көздеріне қарағанда адам денсаулығына жағымды әсер ететіндігін дәлелдеумен байланысты. Зерттеу болжамы ретінде жаңа қуат көздерін пайдаланумен адамдағы қиын ауыру түрлерінен арылуға болатыны. Зерттеудің әдістері контент талдау және бақылау, ал тиімділіктің өлшемі ретінде индикаторлар мен Гутман шкаласы болып табылады. Сонымен зерттеудің валидтілігі мен релеванттілігі және аддиктивтілігі қамтамасыз етілген.
Түйін сөздер: Күннің энергиясы, желдің энергиясы, судың энергиясы, гидроэнергетика, болашақтың энегриясы, индустриялық төңкеріс.









