Ұлы Жібек жолы әлеуметтік инфрақұрылымның жаңа үлгісін қалыптастыру кілті ретінде
Аңдатпа
Бұл мақалада «Бір белдеу – бір жол» Қытай бастамасы және елдің әлеуметтік инфрақұрылымының жаңа моделін құру және дамытудағы Қазақстанның ұстанымы мәселелерін талқыланады. Автордың ойынша, «Бір белдеу – бір жол» жобасы 21 ғасырдағы ең ірі жобалардың біріне айналады. Ол Жер шары халқының төрттен үшін байланыстырып, біріктіреді. Жаңа трансшекаралық алыс-беріске, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастыққа септігін тигізетін өзара іс-қимыл мен кооперацияның мүлдем өзге жүйесін құрады. Демек, біздің елдерімізді әртараптандыра түседі. Сонымен қатар, әлеуметтанулық зерттеулерге сәйкес заманауи Ұлы Жібек Жолы жаһандық жоба болып табылады.
Түйін сөздер: Қытай, ынтымақтастық басымдықтары, инфрақұрылым, халықаралық қатынастар.









