Еңбек нарығындағы түлектер: жұмыс берушілер нені күтеді?

Авторлар

  • Гульмира Сериковна Абдирайымова

Аңдатпа

Берілген мақалада ҚР БжҒМ-нің 2015-2017 жылдары ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырылуымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстанның жалпы еуропалық білім беру кеңістігіне интеграциясы: Болон процесі параметрлерін іске асыру» жобасы аясында өткізілген әлеуметтанулық зерттеудің кейбір нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің негізгі алғышарттарының бірі қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектерін еңбекке қабілетті жасайтын себептер жайлы жұмыс берушілерге қойылған біршама сұрақтар тобы болып табылады. Зерттеудің негізгі өзегі түлектерге кәсіби-техникалық біліктіліктер қажет екендігін анықтайды, бірақ сонымен қатар түлектер бойында жеке және әлеуметтік қасиеттер жүйесі қоса болу қажет. Қатал бәсекелестік жағдайында жұмыс берушілер үміткерлерге талаптарын күннен-күнге кеңейтеді.

Түйін сөздер: жұмысбастылық, түлектер, жұмыс берушілер, кәсіби біліктіліктер, қабілеттіліктер, кәсіби мансап, университет.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-09-14