Қазіргі қазақстанда ЖОО-ны бітіруші түлектердің кәсіби мобильдігі
Аңдатпа
Жастардың білімдік стратегияларының қалыптастырылуы, мамандықты және оқу орнын таңдаудағы нақты шешімдері, жұмысқа орналасуы көп жағдайда еңбек нарығының күйімен және дамуымен анықталады. Еңбек нарығы мен жұмыс бастылықтың әсерімен білім саласында жастардың кәсіби бағдарлары қалыптасады (Чередниченко Г.А.). Еңбек саласындағы орын ауысуларға кәсіпті таңдаудағы адамдардың мінез-құлқының ерекшеліктері әсер етеді. Бітіруші түлектердің қызығушылықтарының, бағдарларының тұрақтылығы кәсіби таңдаудағы кенеттен болмаған, тұрақты сенімділікке байланысты. Бұл жас маманның жоғары деңгейде еңбекке берілгендігімен, қанағаттануымен байланысты.
Түйін сөздер: кәсіп, кәсіби мобильділік, бітіруші түлек, инвестиция, кәсіби таңдау, жұмысқа орналасу, адам потенциалы









