Этносаралық қатынастар мәдениеті – жастарда толерантты сананы қалыптастыру шарты

Авторлар

  • А. Х. Кукубаева
  • Света Кыдырбековна Бердибаева
  • Мария Владимировна Мун

Аңдатпа

Бұл мақала көп ұлтты мемлекеттегі жастардың этносаралық қарым-қатынас мәселелеріне арналған. Әсіресе осы салада адамдардың нақты, болжап бі­ луге болмайтын, қарама-қайшы әрекеттері нақты байқалады. Басқа халықтар туралы білімдердің жетіспеушілгі, ұлттық көзқарастарының өзгеше болуы пси­ хологиялық тұрғыдан қанағаттанбай, содан соң ұлттық сарынға ауысып кетіп жатады. Білім алып жатқан жастар арасындағы өзара қарым-қатынастардың психологиялық диагностикасын жүргізу мақсаты қойылып, өздерімен жасты құрдастарымен қатынасқа түсу кезіндегі қажеттілік деңгейлері де қарасты­ рылады, сонымен қатар әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдени-құндылыққа қатысты бағыттары да зерделенеді. Авторлар өз жұмысында жасөспірімдік ортада мә­ дениаралық өзара қарым-қатынастар ерекшеліктерін, көп ұлтты қоғамда өзара қарым-қатынас жасаудағы мәдениеттің төмендеуіне әкеліп соғатын жастар арасындағы мәдениетаралық қатынастардың бейбіт модельдерін қалыптасты­ руға кедергі жасайтын мәселелерді толық ашып қарастырады. Сонымен қатар бұл мақалада халықтар арасындағы қалыптасып кеткен қатынастар маңызды орын алатыны талқыланған. Мақалада мектеп оқушылары арасында ұлтара­ лық қатынастар мәдениетін дамыту қажеттілігіне басты назар аударылады. Автордың пікірінше, этностық толеранттық болуы керек, яғни басқа этностық топтардың мәдени ерекшеліктеріне көңіл аударып, құндылықтарға қатысты жеке тұлғаның ішкі қағидаттарын қабылдау қажеттілігі туралы айтылады. Нә­ тижесінде жеке тұлғаны жан-жақты зерттеудің негізгі әдіснамалық тәсілдері анықталып, жасөспірімнің толерантты санасын қалыптастыру жолдары қарас­ тырылады. Зерттеу көрсеткендей, жастар арасындағы қарым-қатынастар қар­ қыны мен мәдениаралық қатынастарының айырмашылықтары анықталған. Ең алдымен, этносаралық тағаттылыққа басты назар аударылады, өйткені этнос­ аралық қатынастар кезіндегі мәдениет доминанты деп есептеледі. Қоғамдағы позитивті толеранттық қатынастарды қалыптастыру бойынша мақсатты білім беру стратегияларының қажеттілігімен негізделеді.

Түйін сөздер: этносаралық қарым-қатынас, төзімділік, тұлға теориялары, әрекеттік тәсіл, жеке тұлғаның бағыттылығы, этностық топтар, ұлтаралық то­ леранттылық.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-09-14