АИТВ-инфекциясын жұқтырған, сонымен қатар (ЖБИ) екпелі есірткіні қолданатын адамдардың Алматы қаласы бойынша әлеуметтік сүйемелдеудегі әдіснамалық тәсілдерін жетілдіру
Кілт сөздер:
АИТВ-инфекциясы, әлеуметтік сүйемелдеу, модель, (ЖБИ) екпелі есірткіні қолданатын адамдар.Аңдатпа
Қазақстанда жүргізіліп жатқан АИТВ-ға қарсы алдын алу шараларына
қарамастан жұқпаның сырқаттанушылығы (ЖБИ) екпелі есірткіні қолданатын
адамдардың арасында өсуде. Сол себептен осы категория адамдарына
әлеуметтік қолдау көрсету бойынша заманауи тәсілдерді құру маңызды
мәселе.
Жасалған әлеуметтік сүйемелдеудегі әдіснамалық тәсілдер екпелі
есірткіні қолданатын адамдар (ЖБИ) және олардың жыныстық серіктестеріне
медициналық көмек және психологиялық көмек алуға қол жеткізуді жақсарту
үшін кешенді шаралары болып табылады. Модельге медико-әлеуметтік
көмек көрсету, стандарттар мен кезеңді шаралар жатады. Аталған топтарға
көрсетілетін көмек және күтімді бағалау, түзету көзделген.
Зерттеуде Алматы қаласында АИТВ-инфекциясын жұқтырған, сонымен
қатар (ЖБИ) екпелі есірткіні қолданатын адамдарға және олардың жыныстық
серіктестеріне әлеуметтік сүйемелдеуді жетілдірудің әдіснамалық тәсілдерін
тұжырымдау көзделген. Осы топ адамдарына АИТВ-инфекциясымен тікелей
байланысты басқа жұқпалы аурулар мәселесін шешудегі, олардың өмір сүру
сапасын жақсартатын – негізгі бөлік болып табылады.









