Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс
Кілт сөздер:
әлеуметтік жұмыс, денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік гигиена, әлеуметтік медицина, профилактикалық медицина, медициналық әлеуметтану, мемлекеттік әлеуметтік жұмыс бағыты.Аңдатпа
Мақаланың өзектілігі денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік
жұмыстың бірінші кезекте адамның әлеуметтік ортада өмір сүру мүмкіндігін
қалпына келтіруге, жақсартуға кәсіби қолдау жасауға бағытталғандығымен
айқындалады. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыстың
нәтижелері халық денсаулығының жалпы жағдайымен тығыз байланысты
болып табылады. Қазақстанда ұлттық дамудың негізгі міндеттері және
қоғамның демократиялық үрдісінің міндетті шарты болып қоғамдағы
ересектер мен балалардың денсаулығын сақтау және әлеуметтік қорғау, өмір
сүруге қолайлы орта қалыптастыру табылатындығын ескере отыра, елімізде
халықтың және әрбір азаматтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған
арнайы Мемлекеттік Бағдарламалар құрылған және жұмыс жасайды.
Мақалада «Халық денсаулығы», «Саламатты Қазақстан» атты Мемлекеттік
бағдарламаларының жұмыс нәтижелері бойынша деректер, әлеуметтік
бағытталған денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесінің қызмет етуіне және
қалыпта болуына ықпалдасатын және әлеуметтік әділеттілік принциптері
мен «Денсаулық-2020» Жаһандық денсаулық сақтау ұйымының талаптарына
және саясатына сай медициналық қызметтермен қамтамасыз ететін 2016-
2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша
ақпараттар келтірілген.









