Заманауи жастардың еңбекке бейімделуіндегі құрылымының құндылықты бағыттары
Кілт сөздер:
жастар, әлеуметтік құндылықтар, еңбек құндылықтары, еңбек нарығы, еңбекке қатынас.Аңдатпа
Мақалада автор Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік-еңбектік қаты-
настардың әлеуметтік өзгерістері жағдайындағы жастардың әлеуметтік
бейімделуі мен еңбек құндылықтарының әдістемелік қырлары талданған.
Жастардың еңбек құндылықтарына әсер ететін факторлар көрсетілген.
Мақалада қазіргі жастардың еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделуіне
көңіл бөлінген. Қазақстан қоғамындағы жұмысбастылықтың жаңа моделі
жағдайындағы жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті басқа
топтарға қарағанда айқын бейнеленген «тәуекел топ» екендігі атап көрсетіледі.









