Әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесі университет өкілдерінің бағалауында
Кілт сөздер:
университет, әлеуметтік жауапкершілік, менеджер оқытушылар, қызметкерлер.Аңдатпа
Университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі қазіргі таңда, тек
әлеуметтік саясат қана емес, сонымен қатар, экологиялық және экономикалық
қауіпсіздік тұрғысынан да қарастырылады. Ол және де жемқорлықпен
күресте де және этикалық қарым-қатынастарды жақсартуға да айтарлықтай
әсер етеді. Корпоративтік, мемлекеттік және университеттік ресурстардың
синергиялары ұйымдардағы инновациялық саясатпен байланысты мәселе-
лерді шешуді қамтамасыз етеді. Бизнес пен білімдер трансфертінің дамуына,
әлеуметтік жауапкершілікті көшбасшылықтың тұрақты дамуына, әсіресе,
оның кросс-мәдениетті қырларына байланысты туындайтын жағдайда
әлеуметтік жауапкершіліктің рөлі ерекше. Осыған байланысты, қазіргі таңда
жетік тәжірибелер дәстүрінде, қазақстандық университеттердің әлеуметтік
жауапкершіліктеріне қатысты стратегиялардың жалпы қырларын анықтау
маңызды болып табылады. Мақалада жоо әлеуметтік жауапкершілігінің
мазмұны мен компоненттерін зерттеу мақсатында жүргізілген әлеуметтаулық
зерттеудің нәтижесі сарапталынады. Ақпарат жинақтаудың негізгі әдісі
ретінде анкеталау қолданылды.









