Қазақстандық корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік моделі
Кілт сөздер:
КӘЖ, модель, мүдделі тараптар, бизнес, қоғам, мемлекеттік саясат, тренд, капитал, тұрақты даму, қайырымдылық, индекс, стандарт, бұқаралық ақпарат құралдары.Аңдатпа
Қазақстандық бизнес компания мен өңірдің тұрақты дамуының жақсы
көрсеткіші болып табылатын корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
(КӘЖ) секілді трендтің барлық табыстары мен шығындарын ұғыну мен
есептеу сатысында екені бүгінгі күннің шындығы. Соңғы жылдары КӘЖ
мәдениеті мен тәжірибесі белсенді дамуда, алайда бұл көбіне халықаралық
іскерлік байланыс қатысушысы болып табылатын ірі компанияларға: өндіру
секторының немесе биржалық сауда компанияларына, стандарттау үдерісі
басқару компаниясы арқылы жеңілдетілген мемлекеттік орталық басқарудағы
бірқатар ұлттық компанияларға тән. Мәдениет пен тәжірибені менеджмент
өз бетінше енгізуге тиіс шикізаттық емес сектор компанияларына КӘЖ
танымал емес. Қазақстанда КӘЖ тәжірибесі дамып келе жатқаны даусыз,
алайда ол әзірге компанияларда қайырымдылық акциялары ретінде таныс,
жүйелік және модельдік ерекшелік туралы айта алмаймыз. КӘЖ-ға қатысты
ақпарат қолжетімділігіне қатысты проблемалар бар, көрсеткіштер жүйелі
әрі бірыңғай емес, бұл қандай да бір тенденция қарқыны мен оны болжау
мүмкіндігін қиындатады.









