Әл-Фараби және оның идеалды қоғам жайлы көзқарасы
Кілт сөздер:
қоғам, идеалды қоғам, әл-Фараби, қайырымды қала.Аңдатпа
Бұл аталған мақалада қоғамның анықтамасы, әсіресе идеалды қоғамның анықтамасы қарастырылды. Мақалада идеалды қоғамды құруға тән ерекшеліктер сипатталды. Атақты философ әл-Фарабидың идеалды қоғамды құру мақсатына байланысты негізгі принциптер мен мазмұнына ерекше назар
аударылды. Бұл мақалада қазіргі заманғы мемлекет жүйесінде әл-Фарабидің пайымдаған тұжырымдамаларын есепке алуға байланысты мәселе талқыланды. Сонымен қатар, бұл аталған мақалада демократиялық құқықтық мемлекеттің қалыптасуы және қазіргі заманғы қоғамның жаңаруымен жетілдірілуі мақсатында өткен рухани мұрадан сабақ алу қажеттілігі қарастырылды.
Мақалада қазіргі заманғы иделды қоғамды қалыптастырудағы әл-Фараби ұсынған қағидаларының өз өзектілігін әлі де сақтап тұрғанын сипаттайтын дәлелдер келтірілген. Бұл мақалада идеалды қоғамның анықтамасына ерекше көңіл бөлінген, әл-Фараби бойынша ол адам организміне теңеледі. Мақалада
әл-Фараби сипаттаған қағидалардың жүзеге асу керектігі, ал нормалардың ешбір бұзылушылықсыз сақталу қажеттілігі айрықшаланады. Авторлар әл-Фарабидің көзқарасы бойынша идеалды қоғам ол идеалды мемлекет деген қорытындыға келеді. Мақалада әл-Фарабидің идеалды, әділетті қоғамды
көргісі келгендігіне, ол жерде еркіндік, теңдік, өзара сыйластық болуы үшін әрбір адамның атсалысу керектігіне зор көңіл бөлінген.









