Әл-Фараби және ұжымдық субъектінің психологиясы

Авторлар

  • F. S. Tashimova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • A. R. Rizulla Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • A. Kuranbek Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • G. Borbasova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Кілт сөздер:

субъект, микрокосм, бейімделу, құдай, ата-ананың интроект тері, сиблингтер, рухани тұлға, интимдік тұлғалар, виртуалдық тұлғалар.

Аңдатпа

Заманауи психологияның өзекті мәселелерінің бірі коллективті субъект, оның мазмұны, құрылымы мен механизмі, оның пайда болуына түрткі болатын жағдайлар болып табылады. Бүгінгі күні осы мәселе кең мағынадағы көзқарас және оны түсінудегі жүйеліліктің жоқтығымен ерекшеленеді. Субъект мәселесінің коллективті құбылысы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінде жүйелі түрде жазылған, барлық ірі космостың көрсеткіші, адамның ұсақ (микро) космос ретіндегі көрінісі. Ол бойынша субъект өзіне көптеген басқа адамдардың әсерін жинақтайтын жалғыз тіршілік ретінде қаралады, әлемнің барлық жүйелерінде көрініс тапқан «тұтастық» ретінде анықталады.

Алғашқы жаратушы Құдай екендігін анықтайды. Мұндай көзқарас психологияда В. Франклдің субъектінің жоғары мәнділік рухани тұлғасы ретіндегі еңбектерінде көрініс тапқан. К. Юнгтің Құдайдың тұлға үстілік және басқалары жайлы архетиптерінде көрсетілген.

Жер үстіндегі субъект орны түрлі қоғаммен анықталады: орташа, үлкен, кіші және қоршаған ортамен. Кіші қоғам ортасы жақын ортамен анықталады, көбінесе отбасымен. Бұл орта ата-ана (З. Фрейд), одан әрі ағайындар (А. Адлер). Әл-Фараби бойынша қалалар мен орта топ орны Перлз еңбектерінде көрініс тапқан, субъектілердің контактілі көрсеткіштерінен орта және тұлғаның топ нәтижесі ретінде интимдік әңгімелесушілер (В. Франкл), коллективті субъект (С.Л. Рубинштейн,
К.А. Абульханова).

Қоғамда атақты адамдар жанама өзара әрекет ететін табынушылармен билеушілермен көрініс табады. Бұл шебер субъектілер (В.А. Петровский), табынушылар (Ф.С. Ташимова) орны. Адам тұтастық жүйесінде субъект мәні мен қызметінің нәтижесі оны барлық компоненттердің реттеушісі мен жүйелілік деп белгілеуге болады.
Сол себепті субъект тек көптеген нәрселердің тасымалдаушысы ғана емес (виртуалды тұлғаның, мәнді адамдар). Қарым-қатынасты реттеу, сапа мен болмыстың ортасын табумен өлшенеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-01-17