Оқушы жастар арасындағы төзімділіктің психологиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • N. K. Satybaldina Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы
  • A. T. Kamzanova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

төзімділік, орнату, жасөспірімдер, студенттер.

Аңдатпа

Бұл мақалада жасөспірімдер мен жеткіншектердің арасындағы толеранттылықтың психологиялық ерекшеліктерін зерттеудегі нәтижелер берілген. Жеткіншектердің толеранттылығын зерттеу білім беру саласында өте маңызды болып табылады, себебі бұл қазіргі таңдағы өте маңызды әлеуметтік
мәселелердің бірі болып саналады. Қоғамның қазіргі жағдайы әлеуметтік мобильділікпен, миграциямен, мәдени контакттардың барлық деңгейдегі дамуымен, құндылықтардың күрт өзгеруімен сипатталады. Барлық облыстарда этникалық агрессияның, шыдамсыздықтың, мәдени, діни және этникалық экстремизмнің ұлғаюы тіркелуде. Дағдарыстың алдын алу немесе жеңудің бірден бір жолы өсіп келе жатқан ұрпақты өмірдің барлық тәсілдеріне, басқа мәдени формаларына деген қатынасындағы толеранттылықты қалыптастыру, қалыпты тұлға мінездемесі ретінде толерантты тұлғаны қалыптастыру шарты болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-01-17