«Ана-бала» диадасын психодиагностикалық зерттеу»: туу алды және туылғаннан кейінгі кезең
Кілт сөздер:
жүктілік, туу алды кезеңі, туылғаннан кейінгі кезең, алекситимия, нәресте, импритинг, тұлғалық ерекшеліктер.Аңдатпа
Аталмыш зерттеудің мақсаты туу алды және туылғаннан кейінгі кезеңнің ерекшеліктерін зерттеу, мұнда зерттеу жүкті әйелдердің тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне: невроздың қарқынына, соматикалық күйіне, ана болуға дайындығына, босану үрдісіне, нәрестені кеудемен емізуге
қатынасына, сондай-ақ жатырдан тыс кезеңнің алғашқы күндері нәрестенің бейімделу деңгейін зерттеуге шоғырланған.









