Спортшылардың мотивациялық аспектілерін психологиялық зерттеу
Кілт сөздер:
мотив, табысқа жету мотивациясы, спорт психологиясы.Аңдатпа
Осы мақалада Қазақстанның үлкен теннис кәсіби спортшыларының мотивация ерекшеліктерін психологиялық зерттеу нәтижелері берілген. Спортшылардың психологиялық дайындығы турнирлер мен жарыстардағы бастамалар кезінде ғана емес, жаттығулар кезінде де маңызды болып
табылады. Қазақстандағы үлкен теннистің дәріптеуімен байланысты қазіргі уақытта психологтарды спорт командаларына, жаттығу үрдісіне тарту мәселесі ескерілуде. Жұмыстың теориялық маңыздылығы үлкен теннис спортшыларының мотивация ерекшеліктерін, психологиялық механизмдерін айқындауда негізделеді.









