Болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік құзіреттіліктерін қалыптастыру
Кілт сөздер:
құзіреттілік, әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, жеке тұлға, рефлексивтік қасиеттер.Аңдатпа
Мақала бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отырған қазіргі педагогикалық кадрлардың құзіреттіліктер мәселесіне арналған. Болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік құзіреттіліктерін қалыптастыру мәселесіне аса мән берілген.
Мақалада болашақ педагог-психологтардың кәсіби даярлығының тиімділігін арттыру мақсатында олардың әлеуметтік құзіреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігі көрсетілген.
Қарастырылып отырған мақалада болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік құзіреттіліктерінің қалыптасуының көрсеткіштері теориялық тұрғыдан негізделген: зияткерлік-гностикалық, эмоционалды-рефлексивтік және мінезқұлықтық.









