Түрлі криминалды тәжірибесі бар зорлық типті қылмысқа сотталушылардың жазалауға қатынасы
Кілт сөздер:
қылмыс, сотталушылар, криминалды тәжірибе, жазалау, рецидивистер, зорлық типі.Аңдатпа
Мақалада зорлық типтегі әртүрлі қылмыстық тәжірибесі бар сотталушылардың жазалауға деген қатынасы мәселелері көтеріліп отыр. Заманауи қазақстандық қоғамның экономикалық және саяси аймақтарындағы болған өзгерістер, сол қоғамның пеницитарлы жүйесінде де өз орнын табуда. Осыған байланысты пеницитарлық зерттемелер мәселесінің өзектілігі айқындалуда, өйткені жүріп жатқан өзгерістер заманауи қылмыскер типінің тұлғасын да елеулі өзгерістерге шалдықтырып отыр. Сонымен,
жазалауға деген қатынас криминалды тәжірибенің болуына тәуелді болып келеді. Криминалды тәжірибе неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жазалауға деген қатынастың негативті сипаты да ұлғая түсетіні анықталды.









