Гендерлік стереотиптерге мәдениеттің әсері
Кілт сөздер:
мәдениет, кросс-мәдени зерттеу, гендер, гендерлік стереотиптер.Аңдатпа
Бұл мақалада гендерлік стереотиптерге мәдениеттің әсеріне жүргізілген теориялық-әдіснамалық талдаудың нәтижелері берілген. Осы мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерді жүйелеу және талдау соңғы жылдары «гендерлік стереотиптер» әлеуметтік-гуманитарлық түсінігінде біршама талқылауға түскендердің бірі екенін көрсетті. Гендерлік стереотиптерді зерттеу қазіргі кезде білімнің мультипәнді салаларының бірі болып табылады. Ол призма болып бүгінгі өмірдің динамикасы мен көптеген маңызды қырларын қарастырады, бағалайды және зерттейді. Теориялық тану деңгейінде «гендерлік стереотиптер» категориясы қазіргі мультимәдени процеске бейімделуге біршама қолайлы механизм болып табылды. Бұл мақалада берілген зерттеу нәтижелерін талдау гендерлік стереотиптер барлық мәдениетке жеткілікті тұрақты екенін көрсетті. Зерттелген барлық мәдениетте ер адамдар белсенді, күшті, дербес және сыншыл, агрессивті, демонстративті және табандылық сияқты психологиялық қырларын көрсететін үстемдікке бейім, тәуелсіз деп қабылданады. Бес-факторлы модель тұрғысынан ер адам бейнесі тұлғаның экстраверсия, нейротизм және ашықтық сияқты қырларымен сипатталады. Әйелдер пассивті, әлсіз, қамқор және адаптивті деп қабылданады және бағынуға қажеттілік, билікті орындау, қамқоршы, гетеросексуалдылығымен сипатталады. Жоғарыда көрсетілген талдаудан гендерлік стереотиптерді зерттеу гендерлік ерекшеліктерді құру және сақтаудағы мәдениеттің рөлін терең зерттейтін кросс-мәдени зерттеудің жаңа саласы деп қорытынды жасауға болады.









