Эмоционaлдық құзыреттілігі бaлaлaр мен жaсөспірімдердің әл-aуқaты фaкторы ретінде
Кілт сөздер:
эмоционалдық құзыреттілік, эмоционалдық интеллект, жеткіншектер, эмоциялар, академиялық үлгерім, субъективті әл-ауқаты.Аңдатпа
Теориялық әдебиеттерді талдау негізінде, мақалада эмоционалдық құзыреттілік түсінігі жеке тұлғаның дамуына әсер ететін ең маңызды фактор ретінде қарастырылады. Эмоционалдық құзыреттіліктің бірыңғай нақты аңықтамасы жоқ және де қазіргі заманғы әдебиеттерде эмоционалдық интеллект және эмоционалдық құзыреттілік терминдердің айналасында белсенді пікірталас жүргізілуде. Осы мақалада аталған терминдердің арасындағы айырмашылықтары талқыланады және олардың анықтамасы беріледі. Эмоционалдық құзыреттіліктің негізгі компоненттері көрсетіледі. Эмоционалдық құзыреттіліктің бағалау тәсіліне қатысты кейбір ойлар ұсынылған және де оның бағалау құралдарын пайдалануы бойынша мәселелері көрсетілген. Эмоционалдық құзыреттіліктің дамуының ықтимал шарттары, эмоцияларды түсіну үшін ықпал ететін және атап айтқанда, дамудың барлық деңгейлерінде, әсіресе балалық шағының ата-аналармен қарым-қатынасы қарастырылады.
Эмоционалды құзыреттілікпен жеткіншектердің үлгерімiнің өзара байланысы, эмоционалды құзыреттілік пен стресстің, психикалық денсаулығының, оқушының суицидтік ойы, агрессивті мінез-құлқының және мектепте себепсіз болмауының арасындағы өзара байланысы қарастырылады. Қорытындыда эмоционалдық құзыреттілікті одан арғы зерттеудегі перспективалары және эмоционалдық ақыл-ой және эмоциялық бірегейлікті растау үшін қажетті қосымша зерттеулер қарастырылады, сонымен бірге эмоционалдық құзыреттіліктің әр сәттердегі және өмірдің әр кезеңдеріндегі әсерін зерттеу қажеттілігі талқыланады.









