6-7 жастағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық дайындықтарын нейропсихологиялық талдау.
Кілт сөздер:
мектепке психологиялық дайындық, нейропсихологиялық сипаттамалар, мектепке дейінгі жастағы балалар.Аңдатпа
Мақалада 6-7 жастағы балалардың мектептегі оқуға дайындықтарын нейропсихологиялық талдау ұсынылған. 6 жəне 7 жастағы балалардың арасында нейропсихологиялық тұрғыда айырмашылықтар болады, ол мидың морфофункционалды жетілуінің əртүрлі деңгейін білдіреді. Бұл айырмашылықтар абсолютті көрсеткіштерде аса үлкен емес, алайда статистикалық тұрғыда мəнді болып келеді. 6 жастағы балалармен салыстырғанда 7 жастағы балаларда гностикалық фунцияларға жауап беретін мидың алдыңғы, артқы шекелік жəне базальды-шекелік бөліктердің, сонымен қатар артқы бөліктер аймақтарының жақсы жетілетіндігі анықталған. 6 жастағыларға қарағанда, 7 жастағы балаларда жоғары мектептік ересектік деңгейі сенімді жиі (2 есе), демек мектепте білім алуға деген дайындық та сол шамада. Мидың алдынғы жəне артқы шекелік, сондай-ақ базальды-шекелік бөліктерінің даму деңгейі мен мектептік ересектік деңгейінің арасында корреляциялық байланыс анықталдыЖүктеулер
Жарияланды
2012-11-29
Журналдың саны
Бөлім
Psychology
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
6-7 жастағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық дайындықтарын нейропсихологиялық талдау. (2012). Хабаршы. Психология және социология сериясы, 43(4). https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/565









