Кəсіби іс-əрекетке тұлғалық дайындық мəселесінің психологиялық ерекшеліктері.

Авторлар

  • E. K. Kalymbetova Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Zh. M. Arynbaeva Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

кəсіби дайындық, құзыреттілік, коммуникативтілік, өзіндік даму, даярлық бейнесі, педагогикалық қабілеттілік, өзара əрекет ету тəсілдері, өзіндік анықталу.

Аңдатпа

Мақалада кəсіби іс-əрекетке тұлғалық дайындық мəселесінің психологиялық ерекшеліктері мен дайындықты қамтамасыз ететін оқыту үдерісіндегі білім беру тəсілдері қарастырылған. Нақты тақырыпты зерттеу қазіргі уақытта ешқандай өзектілігін жоғалтқан жоқ. Себебі болашақ мамандарды дайындау мəселесі, олардың бойларында тұлғалық, кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру өте жоғары мəнге ие. Сондай-ақ эксперименттік жұмыстардан алынған көрсеткіштердің өңделген қорытындылары келтірілген. Эксперимент барысындағы құзыреттілік компонеттерінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіштері, мамандардың коммуникативті құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіштері, эксперименттік жəне бақылау тобы студенттерінің кəсіби құзыреттілігінің қалыптасуының (эксперименттің басы мен соңы) даму деңгейі көрсеткіштерінің динамикасы сызба түрінде көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2012-11-29