ҚАЗІРГІ ЖАҢА УАҚЫТ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒДАРЛАНУДЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа
Қазір жаңа Қазақстан өндіріс сферасы, рухани даму сферасы болсын өркендеудің жаңа кезең-
дерін бастан кешіруде. Қазақстандық қоғам нарыққа бағдарланған. Нарық ол тек басқа эконо-
мика ғана емес, əрі басқа идеология, басқа құндылықтар, басқаша айтсақ, «əлеуметтік мінездер»,
яғни басқа мəдениет. Оның негізгі сипаты мынада, ол индивидуализм мен бəсекелеуші сипатқа ие,
сондықтан да білімдер мен ғылым сферасында осы құндылықтарға сəйкес бағыттылық болады.
Қазіргі жаңа уақыт жағдайында жаңа этнопсихологиялық білімдер аса қажет болып саналады,
нарыққа дейін біздердің менталитетіміз процеске бағдарланды, ал нарықта нəтижеге бағытталу
негізгі жағдай болып табылады.
