ЖАС ЖҰБАЙЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛУ МƏСЕЛЕСІ

Авторлар

  • A. B. Maxambetova

Аңдатпа

«Жас отбасы» - күрделі жəне неке-отбасылық институтының тұрақсыз кезеңі болып
табылады. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы тұрақтандыру процесі басталады
яғни некенің алғашқы кезеңі отбасылық интеграциямен жəне адаптациямен сипатталады.
Интеграция - бұл өз еркімен бірігу, ерлі-зайыптылар əртүрлі отбасылық өмірдің аспектісі
бойынша позицияларын, көзқарастарын жəне пікірлерін сəйкестендіру. Осыған мынандай
маңызды сұрақтар жатады: өзара қатынас жасау стилі; материалдық-тұрмыстық, отбасылық
бюджет мəселелері; рухани өмір мен демалысты өткізу; интимды өмір, баланы күту жəне
оның туылуы; ата-анамен өзара қатынасы, ерлі-зайыптылардың кəсібке жəне қоғамдық іс-
əрекетке, қоғамдық құндылықтарға деген қатынасы. Отбасының интеграциясының сəттілігі
бейімделусіз өтпейді

Автор өмірбаяны

  • A. B. Maxambetova

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Psychology