Алматы қаласы мигранттарының әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Кілт сөздер:
мигрант, бейімделу, стресс, маргинал.Аңдатпа
Бұл мақалада Алматы қаласының мигранттарын әлеуметтік-психологиялық зерттеу нәтижеле-рі берілген. Жүргізілген зерттеуден Алматы қаласының мигранттарының әлеуметтік бейімделуі мен стресске тұрақтылық процесіне мигранттардың ұлттық тиістілігі, гендерлік ерекшеліктері және от-басылық жағдайлары әсер етпейтіндігі анықталды. Зерттеу нәтижелері Алматы қаласы мигрант-тарының әлеуметтік бейімделуі мен стресске тұрақтылығының психологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлары қалыпты көрсеткіштен жоғары емес екендігін көрсетті. Үлкен қаланың мүмкіндіктері мигранттарға тек әлеуметтік-психологиялық жоспарда ғана емес, сонымен бірге, мем-лекеттік билік және азаматтық қоғамның негізін қалаушы институттарға сенімділігін нығайтатын материалдық-экономикалық жетістігі өздерінің артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.









