Ірі қаладағы құндылықты бағдарлардың ерекшеліктері

Авторлар

  • K. A. Avsydykova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • I. S. Sarybaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

жастар, құндылықтар, креативтілік, қазіргі жаһандану, құндылықтық бағдарлау, мегаполис, субмәдениет, экономика, үрдіс, үлгілеу, отбасы, студент, ЖОО, әлеуметтену, мәртебе, мо-дернизация.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі өзгермелі процестер жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарларының динамикасы талқыланады. Қала жағдайында бұл үрдістер өзекті мәселеге айнала-ды. Бүгінде жастардың қазіргі замандағы құндылықты бағдарларын зерттеу ерекше маңыздылыққа ие. Себебі, өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестер құндылықтарға әсер етпей қоймайды. Бұл жағдай әлемдік глобализация процестерінің әсерінен күшейе түседі. Мұнда сол глобализация процесінің көрінісі ретінде ірі қалалар маңызды объектіге айналады. Осы тұста, қала жағдайындағы үрдістердің қала тұрғындарына, әсіресе, жастарға әсер етуіне әлеуметтік талдау жасалынып, кемшілігі мен артықшылығы анықталады. Жастардың құндылықтарын зерттеуде ұсыныстар беріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2014-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Sociology