Төтенше жағдайларда басқарушылық шешімдерді қабылдау: командирлер қызметіндегі күрделі мәселелері

Авторлар

  • N. M. Kudro Академия Погранслужбы Комитета Национальной безопасности Республики
  • S. M. Puzikova Казахский национальный университет им. аль-Фараби
  • M. F. Puzikov Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

басқарушылық шешім қабылдау, тұрлаусыздық жағдай, күйзелу, әскери ұйымның түбегейлі өзгерісі, әскери білім беру, дамытып оқыту.

Аңдатпа

Мақала қазіргі замандағы шекарашы-офицердің басқарушылық шешімдерін қабылдауда кездестіретін мәселелерін талдауға арналған. Әскери ұйымның күрделі өзгерістері, әскери оқудың реформалануы мен қазіргі заманғы командирлердің қызметінде туындайтын қиыншылықтар са-лыстырылады. Қазіргі заманауи кезеңдегі әскери мамандарды дайындау жүйесіндегі өзгерістердің мәнісі мынада: түбегейлі өзгерген жылдары бұл жүйе өзінің үш деңгейлік дәстүрлі құрылымын елеулі жоғалтты, оқу мерзімінің қысқаруынан ықшамдалып қалды, білім беру процесіндегі бірдей ақпараттық мүмкіншіліктері болмаса да, азаматтық оқу жүйесімен жалпы ұқсастықтары көбейді. Бүгінгі таңда әскери мамандардың кәсіби дайындығының жүйесі әлі уақыттың өсіп келе жатқан та-лаптарын қанағаттандырмайды және қоғам мен жалпы дүниежүзілік қауымдастықтағы әлеуметтік процестердің дамуынан кешігуде. Айтылғандарды Шекара қызметінің іс-әрекетіне экстраполяция-лап, авторлар басқару жүйесінде жоғарғы тізбектегі басқарушылардың жетіспеушілігінің қатты сезілетіндігін айқындайды, командалық құрамда сабақтастықтың жоқтығы байқалады. Бүгінгі таңда Қазақстанда осы басқарушыларды өте аз дайындайды. Республикада офицерлік кадрларды кәсіби дайындау процесінде болып жатқан өзгерістердің мағынасын сараптай келе, авторлармен болашақ офицерлерді дайындау процесінде, кәсіпқорлығын қамтамасыз етіп, стандартты болмай-тын басқарушылық шешімдерді қабылдаған сәттерде, креативтілігін және күйзелуге төзімділігін қалыптастыратын дамытып оқытуды қарқынды енгізу қажеттігі негізделеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2014-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Sociology