Мұнай-газ саласының Қазақстан Республикасының батыс аймағының əлеуметтік-экономикалық дамуына əсері
Кілт сөздер:
мұнай жəне газ саласы, мұнай өндiру деңгейi, əлеуметтiк-экономикалық дамуы, шетел компания-ларя.Аңдатпа
Қазақстанның экономикалық дамуы табиғи ресурстардың игерілуіне негізделген. Елдегі реформалардың негізгі бағыты – мемлекеттің саяси инвестициясы мен мұнай жəне газ саласына инвестицияларды құю үшін айрықша климатты қамтамасыз етуі. Оның мақсаты – мемлекеттің экономикалық қарқынды өсуі. Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін алғаннан бері, шетелдік инвестициялардан 18 миллиард АҚШ доллары шамасында алады. Қазақстан бүгінде энергетикалық секторындағы рөлін орнату жолында дұрыс бағытта келеді. Осылай экономикалық зерттеу орталықтың мəліметтері бойынша Қазақстан мұнай өндіру деңгейінде əлемде 16-шы орын алады. Қазақстанның үлесіне пайыздық ара қатынаста əлемде өндірілетін мұнай өнімі 2 пайыз болып келеді. Зерттелген көлем бойынша көмірсутек 3,3 пайыз əлемдік қорды құрайды. Қазақстан аумағында мұнай-газы бар аудандар 62 пайыз шаршы ауданды алады. Мұнайдың Қазақстанда 90 пайыз қосымшасы ең ірі 15 жер-де шоғырландырылған. Атап айтсақ, Солтүстік Бозашы, Əлібекмола, Жаңажол, Жетібай, Қаламқас, Кеңқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Кенбай, Орталық жəне Шығыс Бозашы, Хан, Тенгиз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен. Кен ошағы Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан. Бұл – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда жəне Маңғыстау облысы. Көмірсутектердің шамамен 70 пайыз қосымшасы бұл ретте Қазақстанның батысында шоғырландырылған.









